Жаңалықтар
Галерея
Бiз туралы
«Болашаққа жол ашқан алтын ұя мектебім!»
«Бақ қонып, құт дарыған өркенді өңір» аталатын Шардара ауданында бүгінгі таңда, білім беру жүйесі күннен күнге дамып келеді. Оған дәлел, тарихи тамыры тереңге жайылған, ауданның бетке ұстар , алдыңғы қатарлы Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебі оқушыларының жетістіктері мен білім деңгейі.
Білім мекемесі алғашында Н.К.Крупская атындағы бастауыш мектеп болып 1968 жылы ашылды. Алғашқы мектеп директоры Қ.Калменов болатын. Шардараны құруға жан-жақтан келген құрылыс, комсомол бригадаларының балаларына білім мен тәрбие беру ісі Жылқыбеков Бектілеу, Жүсіпов Ісім, Аймұратов Темірбай, Рахманов Қапаш, Бақтыбаев Ықылас, Бөжікенов Амангелді сынды ұстаздарымызға жүктелді. Алғашқы ғимарат ағаштан салынған теміржол станциясы жанында орналасты. Ол ғимаратта төрт сынып білім алды. Мектеп директоры Қ.Калменов сұңғақ бойлы, қаз дауысты, өз ісіне берік, алайда балаларға қамқор, жұмсақ мінезділігімен есте қалды.
1970 жылы жұмысшылар поселкісінде бастауыш мектептің жаңа ғимараты іске қосылып, орыс-қазақ тілінде сегіз жылдық білім беру мекемесіне ауысты. Осы кезден бастап мектеп директоры Қ.Калменовтың зейнетке шығуына байланысты мектеп директоры оқу ісінің меңгерушісі (завуч) Рахманов Қапаш тағайындалды. Оқу ісінің меңгерушісі болып Бөжікенов Амангелді жұмыс атқарды. Осы тұста мектеп Дәрменова Манар, Ералиева Қызтөре, Ерғалиева Жұмагүл, Өтеғұлова Ағлен, Ахтанова Асылхан, Ошанова Алмагүл, Нұртаева Есенгүл, Кисекова Мәртебелі, Тазабекова Гүлжан, Ергешова Сапаркүл, Майқанова Сабира, Әміреев, Бақтыбаев Атахан, Тойтанов Қаңлыбай, Давыдов Қуаныш, Людмила Сарокина сынды жас мамандар толқынымен толықтырылды.1976 жылдан бастап мектеп он жылдық орта мектеп болып, алғашқы түлектері 1978 жылы мектепті бітірді. 1980 жылдары тағы жас мамандармен толықтырылды атап айтсақ ; жаңа оқу бітіріп келген ағылшын пәннің мұғалімі Жұмагүл Ерғалиева, француз тілі мұғалімі.
мен білім сапасының дамуына үлкен үлес қосты.Жақсының жақсылығын айт нұры тассын демекші мектеп директоры иманды болғыр Рахманов Қапаш 1984 жылға дейін қызмет атқарып, Кеңес Одағының жаппай мақта жинау науқаны тұсында, қан қысымы көтерілуіне байланысты оқушылармен егіс алқабының басында жүргенде , кенеттен қаза тапты. 1984-1986 жылдар аралығында Аудандық білім бөлімінің әдіскері қызметін атқарған Амантай Қойланов мектепті басқарды. 1986 жылы Шардара өңіріне 1967 жылдары жолдамамен келген ұстаздық жолын Сүткент совхозынан бастаған , бұған дейін аудандық білім бөлімінің инспектор қызметін атқарған ұлағатты ұстаз Мұханбет Мұңалбаев келді.
1986 жылыдан 2003 жылға дейін М.Мұңалбаев басқарған тұста мектеп оқу-тәрбие жұмыстарында үлкен жетістіктерге жетті. Бұл ретте мектеп тарихындағы өзгеріс 2000 жылы Н.К.Крупская атынан қазақтың бір туар азаматы , ұлы компазитор Құрманғазы Сағырбайұлы есіміне ауыстырылды. 2003 жылы ардагер ұстаз , Шардара ауданының құрметті азаматы Мұханбет Мұңалбаевтың зейнетке шығуына байланысты Тұңғышбаев Алтынбек Ақылбекұлы мектеп директорлығына тағайындалды.2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Үкімет тарапынан 200 орынға арналған жаңа үлгідегі қосымша ғимарат салынды. Негізінде бүгінде мектепте 900 –ден астам оқушы тәрбиеленуде,оның ішінде шағын орталықта 60 бүлдіршін және мектепке дейінгі тәрбиелеу бөлімінде 90-ға жуық балалар оқу-тәрбие алуда. Сонымен бірге, мектебімізде соңғы жылдары әр пәнге арналған оқу сыныптары ашылғанын атап айтайық. Мысалы ,физика,химия,алғашқы әскери дайындық, 2 компьютер және 1 мультимедиа кабинеті , 2 лингофон.
бөлмесі және технология пәніне арналған «Қыздар еңбегі», «Балалар еңбегі», «Темір өңдеу» сияқты үш бөлме оқушыларға пайдалануға берілді. Сонымен бірге Акт залы, кітапхана , асхана және спорт залдары жаңа үлгіде ұсынылды. Оның бәрі оқушыларымыз үшін еш кедергісіз білім алу мақсатында атқарылған істер.
2021 жылдың 4-ақпанында көп жылдан бері басшылық саласында жұмыс істеп тәжірибе жинақтаған Нұрымбет Жалғас Жүнісұлы мектеп директорына тағайындалды.
Туған жерге тағзым
Қазақ халқында «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас » деген қанатты сөз бар. Осы орайда мектептің түлектерімен мақтанатындай жағдайымыз бар. Еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі салаларда Отанымыздың дамуына елеулі үлес қосып, қызмет етіп жүрген ағаларымыз бен апаларымыз шыққан мектебін ұмытпай , хабарласып, қолдан келгенінше көмек көрсетуде.
Мектебіміздің алғашқы түлектерінің бірі Қартбаев Сұлтан Махыұлы мектепті бітіргеннен кейін Эстониядағы Тарту Универстетін бітіріп ,кәзіргі таңда Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының әкімі.
1978 жылғы түлектерден Қосбай Наурызбай Есейұлы мамандығы мұғалім Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары . Жылқыбекова Әлима мұғалім.
Шымкент қаласында, Борашова Үмітай Мамытқызы ,Мырзабаева Ақбөпе Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебінде мұғалім,Жолдыбаев Мирас Сегізбайұлы Шардара аудандық Орталық аурухананың заңгері,Исимова Қарылғаш Шардара қаласы байланыс торабының бас маманы. Нағыметов Дәулетбай Шардара Орман шаруашылығының аға инспекторы,Мұханов Келдібай кәсіпкер,Беримов Елубай Оразымбетұлы кәсіпкер, Мұхтар, Амантай Аймұратовтар, Сыздықов Марат Абдіуайтұлы кәсіпкер.
1979 жылғы түлектерден Мұхан Орынбай Төлебайұлы мұғалім Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебінде , Бектілеуова Айна Дүйсенбекқызы Алатау батыр ауылында мұғалім,Сабденова Жұпар Шүкірбайқызы Мақтарал ауданында мұғалім . Қосбай Рысбек Есейұлы кәсіпкер Шардара ауданында. Акимбаев Сәуірбай Қалдыбайұлы мұнайшы.
1980 жылы мектеп бітірген түлектер Әділхан Дүйсен Бұхарбайұлы Астана қаласында тұрады, мамандығы инжинер,экономист Қ.Р Қаржы министірлігінің жоспарлау депортаментінің директоры. Қартбаев Крамадин Махыұлы Алматы қаласында заңгер . Бөжікенов Амантұрлы Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебінде мұғалім, Исимова Бағила Шымкент қаласы эконамист , Исмагулова Әнипа дәрігер, Андыков Марат Ұлықпанұлы кәсіпкер Шардара қаласы.
1981 жылғы түлектерден Мамедова Тұрсынкүл Сыдыққызы мамандығы дәрігер Шардара қаласында Орталық аурухананың балалар бөлімінің бас дәрігері,Әділхан Мұса Бұхарбайұлы мұғалім Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары . Адилова Нұржамал Шотанқызы мамандығы экономист Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебінде директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары . Нәубетов Қоян,Аймұратов Серікбай кәсіпкер,Акаев Кәрім мұнайшы.
1982 жылғы түлектерден Мырзаев Қуандық Назшаұлы мұнайшы , Құттықова Рахима Қапанқызы Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебінде мұғалім.Қасымбекова Камила заңгер РФ-да Сот.
1983 жылғы түлектерден Жанбаева Зияхан дәрігер Алматы қаласы, Жанбаева Завхан Абдулла қызы мұғалім. Жеке кәсіпкерлер Тілеулиев Бисенбай Күсепұлы, Қуанышов Аралбай Тұрғанбайұлы, Жарбаев Айтбай Жаулыбайұлы, Қаппаров Сүйіндік Қайырұлы ,Шахарбаев Бисенбай Достанұлы, Сабырғалиев Бөгенбай Орынбасарұлы. Төреев Асқар Әбдірешұлы заңгер, Маңғыстау облысының темір жол прокуроры.
1984 жылғы түлектерден Жанбаева Гүлзира Абдуллақызы мұғалім, Ақыбаев Ербол Сатқанбайұлы мұнайшы, Қалиева Гүлжан мұғалім.
1985 жылғы түлектерден Мұңалбаев Арнұр Мұханбетұлы Қ.Р ҰҚК полковник шеніндегі қызметкері Алматы қаласында тұрады,Сартов.
Қарлыбек Ақтау қаласында МЧС –тің полковнигі, Елдібаев Беркінбай Тәжібайұлы мұғалім, Исмағулов Жүсіпбек Қалбайұлы, Жолдыбаев Тұран Сегізбайұлы ,Елмұратов Қайрат ,Қуанышов Арыстан , Ілесов Марат кәсіпкер.
1986 жылғы түлектерден Акимбаев Айса, Мусаев Мырзабек МЧС қызметкері.Жаңбырша Сәндігүл мұғалім.
1987 жылғы түлектерден Алтаев Бақыт,Төреев Жанболат,Гафаров Майрамгелді,Андыков Жанат,Мырзаев Сейдулла,Адилханова Сәуле ,мусаев Серік кәсіпкер,Акимбаева Құрбанкүл мұғалім,Балабаева Шынарай есепші.
1988 жылғы түлектерден Қартбаев Мұхтар,Ұлықман Тасболат,Таңбаев нұржан, Қуанышев Нұржан , кәсіпкер. Түгелова Кулия мұғалім.
1989жығлы мектеп түлектері Мұңалбаев Анвар Мұханбетұлы мамандығы инжинер Алматы облысы Мойнақ ГЭС-нің бас инжинері,Әділхан Исатай Бұхарбайұлы мамандығы экономист Шардара ауданында кәсіпкерлер палатасының директоры, Акимбаев Қадірхан Өтегенұлы мұғалім, Балабаева Есенкүл Нәбенқызы Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебінде мұғалім.Мусаева Нұржамал мұғалім ,Туреев Бердаман Әбдішұлы кәсіпкер,Масахов Жаулыбай кәсіпкер ,
1990 жылғы түлектерден Мусаев Базарбек Алматы қаласында жеке кәсіпкер, Мұңалбаев Айтуар Мұханбетұлы әскери Шардара шекара заставасында ,Мұханова Айгүл Астана қаласында мұғалім, Күсепов Қоныс Алматы қаласында кәсіпкер.
1991 жылдары мектеп түлектері Қалиева Ләззат Жаңабайқызы мұғалім Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары .Әділхан Мұрат Бұхарбайұлы мамандығы заңгер Астана қаласында Қ.Р Қаржы министірлігінің заң комитетінің төрағасы. Сырлыбаев Мұхаметжан Бекбергенұлы кәсіпкер Тараз қаласында тұрады , Полатов Қосай Махмутұлы мамандығы дәрігер Астана қаласында «Ана мен бала» орталығының дәрігері, Айдынбаева Тәрбие жеке кәсіпкерлік бойынша Республикалық «Алтын сапа» иегері.
1992 жылдары мектеп түлектері Әділханов Асхан, Тілегенов Арыстан Ақтау қаласында мұнайшы, Мәуленов Ерлан, Раймұханов Қанат, Дүйсалиев Талғат, Байпақов Амангелді Шымкент қаласында кәсіпкер, Дүйсалиев Баймұрат Ақтау қаласында құқық қорғау органында, Садықбекова Меруерт Шымкент қаласында мұғалім, Боярский Александр Алматы қаласында әскери қызметкер.
1993жылдары мектеп түлектері Мейірбеков Еркін Астана қаласында Көлік министрлігінде, Сәбденов Ерғали, Мұқанов Ербол, Текебаев Ержан, Мусаев Көбейсін ,Әділханов Таңатар, Жүсіпов Жәнібек кәсіпкер. Әділханов
Қарасай темір жол қызметкері, Шаменова Баян мұғалім, Балабаева Сәуле, Ақмола облысы Астрахан ауданында мектеп директоры.
1994 жылдардағы мектеп түлектері Ағадилов Рахат,Қойшыбаев Мұрат,Рахманов Ғалымжан, Сарбасов Азамат кәсіпкер, Жүсіпов Марат әскери қызметкер.
1995 жылдардағы мектеп түлектері Сырлыбаев Расул Тараз қаласында жеке кәсіпкер, Акимбаев Аман аудандық мәслихат қызметкері, Құдашев Ерлан мұнайшы, Мамбетов Абзал, Давитов Марат кәсіпкер.
1996 жылдардағы мектеп түлектері Мамедов Жеңіс Шымкент қаласында прокурор, Алтаев Орынбасар, Дүйсенбиев Қанат , Балабаев Серік, Раймұханов Мұрат кәсіпкер.
1997 жылдардағы мектеп түлектері Мамедов Болыс заңгер, Балабаева Элмира, Абдуллаев Қабыл, Қамысбаева Жансұлу, Аметова Айнұр мұғалім, Садықбекова Гаухар Астана қаласында есепші, Алижанов Ержан мүсінші.
1998жылдардағы мектеп түлектері Алтаев Жалғас Астана қаласында журналист, Аділханова Меруерт Ақтау қаласында экономист, Мұқанова Гүлнар «Самұрық-Қазына» ұлттық қорының қызметкері, Айтбаева Айнұр, Раймұханов Болат, Ермағанбетов Болат, Жарбаева Айзада мұғалім, Төреев Бақытжан, Абдукаримов Нұрлан кәсіпкер, Таңбаев Баймұрат ішкі істер қызметкері.
1999 жылғы мектеп түлектері Мауленов Ержан дәрігер, Ермекбаев Ағарыс, Алтаев Нұржау, Исимов Жандос, Кадиров Серік, Үсенова Айнұр Шардара қаласында, Абишев Ғани, Базарбаев Шыңғыс, Оразбаев Қуаныш Ақтау қаласында кәсіпкер, Садықбеков Қуаныш , Ермағанбетова Ботагөз, Ергешов Серік мұғалім.
2000 жылғы мектеп түлектері Мұханов Шыңғыс Атырау облыс әкімінің орынбасары «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-та оқуда, Майханов Нұрлан әскери қызыметкер Өскемен қаласы, Садықбекова Анифа, Елденова Ләззат, Қосбаева Камшат, Нұрлыбекова Жұлдыз мұғалім, Кадиров Берік, Бекетов Қадір кәсіпкер, Макашова Жадыра есепші.
2001 жылғы мектеп түлектері Сарбасов Нартай, Торбаев Жақсылық кәсіпкер, Мамедов Қоныс, Қарашбаев Нұрқылыш аудандық аурухана қызметкерлері.
2003 жылғы мектеп түлектері Искиндиров Еркін, Жарасов Серікбай, Азиев Марат, Қосбаев Аскербек, Исмагулов Бейбіт , Макашова Динара кәсіпкер, Жаппаров Орынбек дәрігер Шардара қаласы, Акимбаев Қайрат, Сахиев Ержан, Төреев Бауыржан, Құттықова Зулфия, Борашова Гулнұр, Балабаева Злиха, Акимбаева Асем, Маканова Фариза, Темірбаева Жақсыгүл мұғалім, Борашов Сардарбек, Божикенов Қуандық, Рахманов Мұрат әскери кызыметкер, Ермекбаева Майра Астана қаласында Ұлттық кітапхана
қызметкері, Жұмағалиев Мұрат, Мырзаев Дағдан , Мұханов Даурет мұнайшы, Мейірбеков Нұркен теміржол қызметкері.
2004 жылғы мектеп түлектері Жұмабаев Мақсат, Ермекбаев Жанарыс, Есболсынов Құралбек, Макашов Тұрсынбай, Жарбаев Асан,Үсен, Борашов Ақатай, Мұқанов Әбіш, Қарашбаев Бекқылыш, Асанов Ерғали, Тәжіқұлов Тұрмахан, Абуов Ғалымжан кәсіпкерлер, Дуйсалиев Нұртай, Сабырғалиева Алтынай, Чакаева Гүлжамал, Каюпова Рабиға, Қайырова Индира, Қадырбаева Камила, Қаюпова Күләнда, Айтбаева Айжан мұғалім. Оразбаев Оспан, Борашева Ғалия, Қонаров Бауыржан, Гафаров Ескендір дәрігерлер. Қамысбаев Мұрат Ақтау мұнайшы. Садықбеков Бауыржан Атырау қаласында кәсіпкерлікпен айналысады.
2005 жылғы мектеп түлектері Мұханов Ғани, Жусіпов Ғани, Елденов Сейітжан кәсіпкер, Абуов Бағдат мед қызметкер. Жолдыбаева Гаухар мұғалім.
2006 жылғы мектеп түлектері Садықбекова Ғани, Туреева Жанат, Мамбеталиева Айгерім мұғалім, Адилханов Даурен, Абиева Ақмарал экономист, Қартбаев Жасұлан, Қадірбаев Ержан, Қайрат, Махиев Маханбет, Азиев Жомарт кәсіпкер.
2007 жылғы мектеп түлектері Кафаров Ерлан дәрігер , Адилханов Өркен, Құлқаева Малика, Қонарова Айнұр,Тұрғанбай Ерболат, Маметалиев Нұржан мұғалім, Шариев Есен мұнайшы, Құрметов Ғалымжан, Сүйінбай Алпысбай кәсіпкер.
2008 жылғы мектеп түлектері Қапан Нұрбол, Жолдыбаева Жанар, Темірбаев Айдос, Борашова Жанар мұғалім, Асқаров Олжас, Жарасов Берікбай кәсіпкер, Абдуллаев Батыр мед. қызметкер.
Мектеп соңғы жылдары аудан мектептері арасында алдыңғы бестікте көрініп келеді. Ол әрине беделді де білікті ұстаздар мен саналы ұрпақтың бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесі. Мысалы 2014 жылы мектеп иоқушылары аудандағы 22 мектептің арасынан топ жарып,ҰБТ қорытындысынан 2 орын иеленсе,2015жылы 3 орын, 2016 жылы 5орын, 2017жылы 1 орынды иеленген болатын.Сондай-ақ олар жыл сайын пәндік олимпиада жарысында қалыс қалған емес.Атап айтсақ, биылғы оқу жылында аудан көлемінде пәндік олимпиадалардың нәтижесінде 8 оқушы жүлделі орындарға ие болып, 4 оқушы облыстық олимпиадаға қатысты. Нәтижесінде орыс тілі пәні бойынша 10-сынып оқушысы Мұсақызы Жәния ІІІ-орынды иеленсе, тарих пәнінен 11-сынып оқушысы Аманқос Мәдина 4-орынға ие болды.
Мектеп қабырғасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұстаздардың ұйымдастыруымен «Өлкетану» бұрышы жүйелі түрде жұмыс істеп келеді. Сол іс-шараның аясында аудандық мұражайға 5-7 сынып оқушыларынан 250 оқушы саяхаттаса, желтоқсан айында 200 оқушы
Шымкент қаласындағы орталық мұражайға саяхатпен барып келді. Ал мектепішілік «Туған жер» бағдарламасы аясында шағын мұражай қарғасы қаланды. Онда тарихи жәдігерлердің үлгі тұтар істері туралы, ақын-жазушылардың өнер туындылары, сондай-ақ оқушылардың қолөнер немесе басқа да шығармашылық еңбектерін көруге болады.
Сонымен бірге 2016 жылы өмірден озған ауданымыздың жергілікті тілшісі, Шардараның шашақты найзасы Жұмабек Мұқановтың құрметіне оқу залы ашылды. Онда балалар сабақтан тыс әдебиеттерді оқып, шығармашылық жұмыстармен айналысады. Осыған орай өткен жылы «Сексеуілдің шоғы» атты аудан көлемінде үлкен іс-шара өткізілді. Онда елімізге белгілі жазушы Әбіш Кекілбаевтың жұбайы Клара Жұмабаева мен Ханбибі Есенқараева сияқты халық елеулілері байқаудың сыншысы болып, мектебіміздің 3 оқушысы жүлделі орындарға ие болды.
2022-2023 оқу жылында орта білім сапасы деңгейін арттыру бойынша әдістемелік кешенді іс-қимыл жоспары құрылып, жауапты мамандар бекітілді.
Оқушыларды пәндік олимпиадаларға дайындау мақсатында «Олимпиада резервтері мектебі» құрылып, олимпиадаларға дайындау мақсатында арнайы қосымша сабақтар кестесі жасалды. Кестеге сәйкес олимпиадаға дайындық сабақтары жүргізілуде.
Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша бірлестік жетекшілерінің жауаптылығымен оқушылар олимпиадасының тест тапсырмаларының базасы құрылды. Онда оқушыларға олимпиадаларға дайындық жүргізу мақсатында тест тапсырмалары мен басқа да материалдар ұсынылып, пән мұғалімдері тарапынан кеңестер беріліп отырады.
|
№ |
Аты жөні |
Сыныбы |
Пәні |
Орны |
Жетекшісі |
|
1. |
Сауралы Айзере |
5 |
Математика |
ІІІ |
Биболатова Айгерім |
|
2. |
Балтабай Мирас |
5 |
Жаратылыстану |
ІІІ |
Ойдулла Әсем |
|
3 |
Нұржанқызы Інжу |
6 |
Тарих |
ІІІ |
Мұңалбай Айтуар |
|
4 |
Космухамед Балауса |
6 |
Қазақ тілі |
ІІІ |
Балабай Есенгүл |
|
5 |
Орынтұр Аслан |
6 |
Орыс тілі |
ІІІ |
Кошкинова Алтынай |
|
6 |
Бердибай Нұрсұлтан |
6 |
Ағылшын тілі |
ІІІ |
Кулкаева Малика |
|
7 |
Таңбаева Інжу |
6 |
Жаратылыстану |
ІІІ |
Балабаева Злиха |
|
8 |
Бағбай Ақторғын |
8 |
География |
І |
Темірбаев Айдос |
|
9 |
Таңбаева Айсу |
7 |
Математика |
ІІ |
Биболатова Айгерім |
|
10 |
Балтабай Аяжан |
11 |
Химия |
І |
Исаева Рыскүл |
|
11 |
Сапаралы Айгерім |
11 |
Биология |
І |
Жұпарова Айжан |
|
12 |
Орынбасар Еркемай |
11 |
Орыс тілі |
І |
Кушниязова Перуза |
|
13 |
Шадияр Әлия |
9 |
Орыс тілі |
І |
Кошкинова Алтынай |
|
14 |
Сайын Ринат |
9 |
Құқық |
ІІ |
Әділхан Мұса |
|
15 |
Қанжарбай Қарлығаш |
9 |
Тарих |
ІІ |
Қалдыбек Бақтыгүл |
|
16 |
Бұхарбай Кемел |
10 |
Орыс тілі |
ІІ |
Кушниязова Перуза |
|
17 |
Қапаш Ақбибі |
9 |
Қазақ тілі |
ІІІ |
Айтбаева Айнұр |
|
18 |
Тулоган Нұрсәуле |
11 |
Ағылшын тілі |
ІІІ |
Турабаева Нұрсұлу |
|
19 |
Жұматай Әсем |
9 |
География |
ІІІ |
Балабаева Злиха |
|
20 |
Сабырғалиева Әсемай |
10 |
Тарих |
ІІІ |
Қалдыбек Бақтыгүл |
|
21 |
Орынбасар Жанарыс |
11 |
Математика |
ІІІ |
Биболатова Айгерім |
«Мен жастарға сенемін» атты IV Республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының облыстық кезеңінде ой ұшқырлығы және сөйлеу шеберлігімен танылған 9ә сынып оқушысы Сайын Ринат ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Айтбаева Айнұр.
Шығармашыл мұғалімдердің жұмыстарын жоспарлау, жандандыру мақсатында «Жаңашылдар», «Ізденімпаздар» атты екі шығармашылық топ құрылып, жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес мұғалімдердің жеке зерттеу жұмыстарының тақырыптары бекітілді. Шығармашылық топтардың жоспарына сәйкес 12.09.2022ж. ДОӘІЖО Қ.Садықбековтың ұйымдастыруымен «Дарынды оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері», 07.11.2022ж. ДАІЖО А.Жунисовтың ұйымдастыруымен «Ақпараттық технологиялар-тұлғаның әлеуметтенуі мен тәрбие құралы», тақырыптарында 2 рет әдістемелік сағаттар өткізілді.
Қараша айының бірінші аптасында сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен өз сыныптары бойынша ата-аналар жиналыстары өткізілді. Жиналыстарға мектептің оқу, тәрбие ісі меңгерушілері, психологтар, әлеуметтік педагогтар қатысып, өз салалары бойынша ата-аналарға керекті ақпараттық насихаттар жүргізіп, хабарламалар мен кеңестер беріп отырды.
02.12.2022ж. ААӘДБ-нің жоспарына сәйкес қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолданудың жолдарын көрсету арқылы тәжірибе алмасу, оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойдыжүйелеу қабілеттерін дамыту мақсатында «Бастауыш сынып оқушыларына сабақта қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру» тақырыбында аудандық семинар болып өтті. Семинарда 4 ашық сабақ, 2 шебер сынып өткізіліп, «Бақыт деген сенің бала күндерің» тақырыбындағысазды бағдарламамен қорытындыланды.
ААӘДБ-нің жоспарына сәйкес 21.12.2022ж. «Форматирование функциональной грамотности учащихся на уроках русского языка и литературы» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Онда 4 ашық сабақ, 1 дөңгелек үстел,1 коучинг сабақ өткізілді. Семинарда түрлі, бір-біріне ұқсамайтын әдістемелік жаңа технологиялар қолданылды. ААӘДБ-нің әдіскері Қ.Жаутикова мен аудан мектептерінен келген орыс тілі пән
мұғалімдері тарапынан жоғары бағаға ие болып, сабақ өткен мұғалімдеріміз аудандық мадақтамаларға ұсынылды.
Желтоқсан айының 20-23 аралығында, пән мұғалімдерінің тәжірибе алмасуын арттыру, оқушылардың білімге, өмірге деген құштарлығын ояту және білімін нақты өмірге бейімдеу мақсатында биология пәні бойынша аудан көлемінде ашық есік күндері өткізілді.
Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының хатына сәйкес ғылыми жобалар байқауына 7 жұмыс қатысты. Ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінен 1-ші орынды иеленген 2 жұмыс (Қазақ тілі-Сабырғалиева Әсемай (жет.Акимова Жанар), тарих- Бағбай Ақторғын (жет.Садыкбекова Анифа) облыстық кезеңіне қатысып, нәтижесінде 10а сынып оқушысы Сабырғалиева Әсемай 3-ші орынды иеленді.
Мектептің жоспарына сәйкес қазан айының 10-20 аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің, қараша айының 7-17 аралығында ағылшын тілі, желтоқсан айының 5-15 аралығында математика, физика, информатика пәндерінің, қаңтар айның 16-26 аралығында орыс тілі мен әдебиеті, ақпан айының 13-23 аралығында тарих, құқық, география, наурыз айының 16-26 аралығында бастауыш сыныптар бойынша және химия, биология пәндері, сәуір айының 10-20 аралығында көркем еңбек пәндерінің онкүндіктері өткізілді. Онкүндік барысында барлық бірлестік мүшелері ашық сабақ, сыныптан тыс тәрбие сағаттары, интеллектуалдық марафондар, пікірсайыс, газет, шығарма байқаулары, жас ақындар мүшайрасы мен кештер ұйымдастырды. Өткізілген іс-шаралар әлеуметтік желілерге жарияланып, онкүндік қорытындысында үздік қатысқан оқушылар мен сыныптар мектеп директорының «Мадақтамасымен» марапатталды.
14.12.2022ж. «Мектептерге арналған PISA» негізгі зерттеуі өткізіліп, оған 15 жасар 48 оқушы қатысты. Оның нәтижесі 6 айдан 1 жылға дейінгі аралықта анықталып, талданады.
8-сынып оқушылары Қалдыбек Айғаным мен Сәрсен Айсымбат ( жет. А.Дуйсеалиева), Сапаралы Жалғас (жет. А.Хонарова) PRO-эко экологиялық жобасының облыстық кезеңіне қатысып, жүлделі ІІІ-орынға ие болды.
Дәстүрлі «Ясауитану-2023» республикалық байқауының аудандық кезеңіне қатысқан 8-сынып оқушысы Жұмамұрат Аружан (жет. Б.Қалдыбек) ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.
Мұғалімдер пән олимпиадасының аудандық кезеңінің қорытындысы:
|
№ |
Аты-жөні |
Пәні |
Орны |
|
1 |
Кошкинова Алтынай |
Орыс тілі |
ІІІ |
|
2 |
Садықбеков Қуаныш |
Тарих |
ІІІ |
|
3 |
Биболатова Айгерім |
Математика |
ІІІ |
|
4 |
Темірбаев Айдос |
География |
ІІІ |












