1-4 сәуір айында Шымкент қаласында 2003-2006 жылғы жастар арасында асық ату және бес асық жарысынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті...
Осы жарысқа Түркістан облысының құрама командасы қатыстып, ал команда қатарында Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жом шәкірттері көрініп, жақсы ойындарымен көзге түсе білді...
Үлкен ауқымды және тартысты жарыста Түркістан облысы асық ату ойынында 1-орын алса, ал бес асық жарысынан 2-орын алып облыс мерейін чемпионатта тағы бір рет жоғары денгейде көтеріп тастады...
Ал жеңімпаз команда құрамында ойнаған, шәкірттерімізді атап айтсақ:
1-орын Асық ату
Сермаханов Буркитбай
Орал Асылжан
Саду Ерболат
2-орын Бес асық
Ермекбай Ұлғаным 2005
Жарыста бірінші орын алған ойыншыларға Асық федерациясының шешімімен "Спорт шебері" (мастер спорта) деген куәлік беретін болды..
Ал 2-орын алған Ермекбай Ұлғаным қызымыз, "спорт шеберлігіне үміткер" (кмс) куәлігіне ұсынылды...
Осы жарыста жеңіске жеткен барлық спортшыларды құттықтай отырып және өз мектебімізде қазіргі таңда 11б сыныбында оқып жатқан Сермаханов Бүркітті , жарыстың жеңімпазы болып және облыс жеңісне үлес қосып, спорт шебері болуымен шын жүректен құттықтаймыз!!!👏👏👏
Енді сәуір айының 9-12 күндері аралығында, Астана қаласында өтетін Республикалық "Ұлттық мектеп лига" ойындарының үлкен жарысы тұр...
Ал енді облыс, аудан және мектеп абройына күреске шыққан,спортшы оқушыларымызға сәттілік тілейік!!!👍💯👏👏👏